Қытайлықтар Олимпиадада өз Туларынан қате тапты

Қытайлықтар Олимпиадада өз Туларынан қате тапты
Фото: news.vse42.ru

Қытайлықтар Рио Олимпиадасында нысана көздеу мен су спорты бойынша өткен марапаттау рәсімінде өз Туларының қате жасалғанын айтып қиғылық салды. Туда бейнеленген үлкен жұлдыз маңындағы 4 жұлдыз дұрыс орналаспаған көрінеді.

- Барлық елдің Тулары Халықаралық Олимпиада комитетінің тексеруінен өткен. Біз қытайлық делегациямен бұл қателікті талқылап, реттестіретін боламыз, - деді ХОК өкілдерінің бірі.

Бір қызығы жұлдыздары қате бейнеленген Ту Қытайда жасалған деген ақпарат та тарап жатыр. Бірақ Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті Туларды жергілікті компания жасағанын хабарлап, кешірім сұрады.

Ө. Сансызбай