Жәнібек Олимпиаданы жарқын жеңіспен бастады (видео)

Жәнібек Олимпиаданы жарқын жеңіспен бастады (видео)
Фото: vk.com

75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Риодағы алғашқы жекпе-жегін британдық Энтони Фаулерге қарсы өткізіп, айқын басымдықпен жеңіп шықты.

Қазақстандық боксшы бірінші раундта өзіне сенімді жұдырықтасты. Қарсыласына жойқын соққыларын дарыта білді. Ширақ қимылдап, жылдамдығымен де ерекшеленді. Ал екінші раунд басында нокдаунға да түсірді. Одан кейінгі Жәнібектің дәл соққылары британдықты есеңгіретіп тастады. Төрешілер отандасымызды 3:0 (30:27, 30:26, 30:26) есебімен айқын жеңді. Дегенмен Энтони Фаулер үш раунд бойы жұдырықтаса алды.

Айта кетейік, осыған дейін 49 келіге дейінгі салмақта Біржан Жақыпов намибиялық боксшы Матиас Хамуниелді ұтып, ширек финалға шықты.

Ө. Сансызбай