Берік Әбдірахманов америкалық боксшыдан жеңіліп қалды

Берік Әбдірахманов америкалық боксшыдан жеңіліп қалды
Фото: google.kz

60 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Берік Әбдірахманов Риодағы Олимпиада ойындарын ерте аяқтады. Отандасымыз бірінші айналымда америкалық Карлос Вальдерастан ұтылды.

Бірінші раундта қазақстандық боксшы ширақ қимылдап, белсенділік танытты. Америкалықтың жылдамдығы да байқалды. Ал екінші раундта Берік басымдық таныта алмады. Төрешілер бұл раундта Карлос Вальдерасты жеңімпаз ретінде таныды. Үшінші раундта отандасымыз алға ұмтылғанмен, америкалық сытылып қашумен болды. Өз сәтін күтіп, соққыларын өткізе де білді. Нәтижесінде төрешілер шаршы алаңда жылдамырақ көрінген Карлос Вальдерасты жеңімпаз ретінде таныды.

Ө. Сансызбай