Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар
Фото: vk.com

Бүгін Рио Олимпиадасында 12 медальдар жиынтығы сарапқа салынып, алғашқы жеңімпаздар анықталады. Бұл атаққа қазақстандық спортшылар да таласатын болады.

Қазақстандық жанкүйерлер дүбірлі доданың алғашқы сенім артып отырған спортшылар жетерлік. Әсіресе дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақта Елдос Сметов пен әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта татамиге шығатын Галбадрах Отгонцэцэгке үлкен үміт артуда. Ауыр атлет Маргарита Елисеева мен жүзу спортынан Дмитрий Баландин де намысты қолдан бермейді деген сенімдеміз. Сондай-ақ, бүгінде боксшылар арасында 60 келіге дейінгі салмақта Берік Әбдірахманов жарысты бастайды. Олай болса бүгін жарыс жолына шығатын осы және өзге де спортшылардың жарыс кестесін қарай отырыңыздар.

Спорт түрі: Велоспорт

Cпортшы: Андрей Зейц, Бахтияр Қожатаев

Басталуы: 18:30. Тікелей эфир ("Хабар")



Спорт түрі: Нысана көздеу

Спортшылар: Елизавета Король, Рашид Юнусметов

Басталуы:  17:30


Спорт түрі: Жүзу. Ерлер.Брасс (100 метр)

Спортшы: Дмитрий Баландин

Басталуы:  22:00. Жартылай финал: 07:00. («Қазақстан»)


Спорт түрі: Ауыр атлетика (48 келіге дейін)

Спортшы: Маргарита Елисеева

Басталуы:  04:00. («Қазақстан»)


Спорт түрі: Дзюдо (ерлер, әйелдер)

Спортшылар: Елдос Сметов, Галбадрах Отгонцэцэг

Басталуы: Басталуы сағат 19:30. Жүлделі орындардың белдесу түнгі 00:25-те басталады («Қазақстан»);


Спорт түрі: Үлкен теннис (әйелдер, жекелей және жұптық. Бірінші кезең)

Спортшылар: Ярослава Шведова, Галина Воскобоева

Басталуы:  19:45


Спорт түрі: Бокс

Спортшы: Берік Әбдірахманов (60 келіге дейін)

Басталуы:  19:55. Берік сағат 21:00-ден аса шаршы алаңға шығады. («Қазақстан»)


Спорт түрі: Үстел теннисі

Спортшылар: Кирилл Герасименко

Басталуы:  17:30


Спорт түрі: Академиялық ескек есу (жекелей)

Спортшылар: Владислав Яковлев, Светлана Германович

Басталуы:  17:30

Жарыс кестесі Астана уақыты бойынша көрсетілген. Алғашқы 4 спорт түрінің жеңімпаздары бүгін анықталады.

Ө. Сансызбай