Риода алғашқы әлем рекорды тіркелді

Риода алғашқы әлем рекорды тіркелді
Фото: vesti.kz

Бразилияда басталған Олимпиада ойындарында алғашқы рекорд тіркеліп үлгерді. Садақ арту спорты бойынша оңтүстік кореялық Ким Уджин отандасы Лим Дон Хеннің нәтижесін жаңартты.

Ким Уджин садақ ату спорты бойынша іріктеуде 720 ұпайдың 700-не ие болды. Нәтижесінде осыған дейінгі рекордтан бір ұпай артық жинап, жекелей сында көш бастады.

Бұл сынға еліміздің атынан шыққан Сұлтан Дүзелбаев іріктеуде 648 ұпай жинап, 48-орыннан көрінді. Ал қыздар арасында жарыс жолына шыққан Луиза Сайдиева 625 ұпаймен 36-орында тұр.

Садақ ату спорты бойынша іріктеуден кейін Оңтүстік Корея елінің спортшылары алда келеді. Олар жекелей және командалық сында алда тұр. 

Ө. Сансызбай