Олимпиадаға Қазақстаннан 8 ауыратлет қатысады

Олимпиадаға Қазақстаннан 8 ауыратлет қатысады
Фото: tennisportal.ru

Бейсенбіде, 21 шілдеде Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) ресми аккаунтында Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға баратын зілтеміршілердің тізімін жария етті.

Халықаралық Олимпиада комитеті бекіткен тізімде 91 елдің 260 спортшысы бар. Олардың ішінде сегіз қазақстандық бар. Олар Арли Чонтей, 56 келіге дейін, Фархад Харки (62 келіге дейін), Нижат Рахимов (77 келіге дейін), Денис Уланов (85 келіге дейін), Александр Зайчиков (105 келіге дейін), Маргарита Елисеева (48 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін) және Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін).


Арли Чонтей


Фархад Харки


Нижат Рахимов 


Александр Зайчиков пен Денис Уланов


Маргарита Елисеева


Карина Горичева


Жазира Жаппарқұл

Медаль үшін таласта негізгі фавориттер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зүлфия Чиншанло допинг дауына байланысты жарыстарға қатысудан шеттетілген еді.

Дереккөз: tengrinews.kz

Е. Жұмабайұлы