Төсектің түсі ұйқыға әсер етеді

Төсектің түсі ұйқыға әсер етеді
Фото: politexpert.net

Аппақ әрі таза төсекке жатқан адамның ұйқысы жақсы қанады. Адам ағзасы жатар орынға өте сезімтал келеді. Ал ақ түс адамға жағымды сезім сыйлайды. Бұл жайлы АҚШ-тың Ұлттық ұйқы қорының мамандары айтады.

Қор мамандары төсекжайдың адам ұйқысын әсерін білу үшін сауалнама жүргізген екен. 25-55 жастағы 1500 адамнан сауалнама алынған. Олардың 42 пайызы – ұйқысы жақсы адамдар болса, қалғандары ұйқысыздықтан зардап шеккен, мазасыз адамдар екен. Ұйқысыздықтан шаршаған адамдарды "ұйқыға не кедергі келтіреді?" деген сауалға мынадай себептерді айтқан:

- ыңғайсыз матрац;

- бөлме температурасы (ыстық не суық);

- жарқын түс;

- иіс;

- шу;

"Сауалнамаға қатысқан адамдардың жауабына қарап, адам ағзасына қандай сезімтал екенін байқадық. Шу мен иіс, көру мен тынығудың өзі адам ұйқысына әсер етеді екен", - дейді зерттеу тобының жетекшісі Дэвид Клауд.

Бірақ зерттеушілердің айтуынша, адам ұйқысына әсер ететін тағы бір ерекше себеп бар екен. Ол – төсекжайдың түсі. Ақ не алқызыл, аппақ түсті төсекжайда жатқан адамның ұйқысы жақсы қанатын көрінеді. Мұндай реңк транквилизатор қызметін атқарады. Адамның жеккөрініс, теріс эмоциясын басып, бұлшықетін босатады. Ақ түсті төсекте жатқан адам небары 10-15 минутта ұйықтап кетеді екен.

Ақ түс адамға жайлылық пен сенім сыйлайды. Сабырға, еркіндікке әкеледі. Ал төсекжайдағы өрнек пен ою-нақыш, керісінше, ұйықтауға кері әсер ететін көрінеді. Психиканы қоздырады.

Қ. Слямбек