Михаил Макеев Нанкинде төртінші орыннан көрінді

Михаил Макеев Нанкинде төртінші орыннан көрінді

Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан ел намысын қорғаған Михаил Макеев төртінші орын алды.

69 келіде бақ сынайтын отандасымыз қола жүлдені иеленуге барынша талпынып көрді. Өйткені, жұлқа көтеруден Михаилдың көрсеткіші 125 келі болды. Оның өзін үшінші мүмкіндігінде ғана пайдаланды. Алдындағы үш қарсыласы жерлесімізден 7 келі артық көтерді. Серпе көтеруден бірінші мүмкіндігінде 153 келі көтерсе, екінші және үшінші мүмкіндіктерінде 166 келіні бағындыра алмады. Ал қыздар арасында 58 келіде сынға түскен Алтынай Дәмен бесінші орынды иеленді.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын жүлде бар. Оны Олимпиаданың бірінші күнінде дзюдошы Бауыржан Жауынтаев иеленген болатын. Еліміз сенім артып отырған бокс пен күрестен қазақстандық спортшылар 23 тамыз күні жарыс жолына шығатын болады. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 23-ші орында келеді. Ал доданың көшін 6 алтын, 1 күміс, 6 қола жеңіп алған Қытай спортшылары бастап тұр. Екінші орында Ресей (5 алтын, 5 күміс, 3 қола) болса, үштікті Италия (4 алтын, 3 күміс, 1 қола) жасөспірімдері қорытындылап тұр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:alaman.kz

Ө. Сансызбай