Нанкинде ел намысын кімдер қорғайды?

Нанкинде ел намысын кімдер қорғайды?

Төрт күннен кейін Қытайдың Нанкин қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындары басталады. Бүгін қазақстандық спортшылар «аспан асты еліне» аттанады.

Қытайдың күншығысында орналасқан Нанкин қаласындағы дода 16 тамыз күні басталып, 28 тамызда мәресіне жетеді. 14 пен 18 жас арасындағы жасөспірімдер бағын сынайды. Ал Олимпиадаға 3800 спортшы қатысқалы отыр. Негізінен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында жекелей сындағы спорт түрлерінде әр елге бес жолдамадан артық берілмейді. Бұл доданың басты ерекшелігі де – осы. Яғни, алпауыт елдер жас таланттар додасына үш таңбалы санды спортшылар апара алмайды деген сөз. Есесіне, жағдайлары жұпыны елдердің жеткіншектеріне де төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға қатысу мүмкіндігі туындайды. 

«Аспан асты елінде» өтетін додада еліміздің намысын 21 спорт түрінен 51 спортшы қорғайды. Ал 2010 жылы Сингапурде өткен жасөспірімдер арасындағы І жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің атынан 47 спортшы барып, 20 спорт түрінен сынға түскен болатын. Қазақстан құрамасы алты медаль (2 алтын, 2 күміс, 2 қола) олжалап, жалпы командалық ресми емес есепте 24-орынға тұрақтаған еді.

Негізі, біздің спортшылар 3 алтын алған. Бірақ дзюдошы Қайрат Ағыбаевтың «Эссен» командасының сапында алған алтыны жалпыкомандалық есепте біздің еншімізге жазылмады. Ереже солай болды. Өйткені ол жекелей сында емес, аралас командалар арасындағы («Mixed-NOCs») бәсекеде чемпион атанды. Еншімізге жазылмаса да, Олимпиада ойындарының чемпионы болып қайтқан-ды...

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен баспасөз мәслихатында жерлестеріміздің жолдамаларға ие болуы мен алдағы жарыстағы мақсаттары талқыланды. Ел намысын қорғайтын спортшыларға 3 алтын, 3 күміс, 9 қола медаль жеңіп алу мақсаты қойылып отыр. Егер осы үддеден шығар болсақ, жалпыкомандалық есепте 15-20-шы орындар арасында көрінуге болады деп жоспарлануда. Ал 42 жолдаманы иеленген спорт түрлері төменде көрсетілгендей. Ал қалған жолдамалар қосымша берілген мүмкіндіктерден қанжығамызға түсті.

Бокс – 4 жолдама (4 мүмкіндіктен);

Күрес түрлері – 4 жолдама (5 мүмкіндіктен);

Ауыр атлетика – 4 жолдама (мүмкіндіктен);

Жүзу спорты – 3 жолдама;

Велоспорт – 2 жолдама;

Қазіргі бессайыс – 2 жолдама;

Үстел теннисі – 2 жолдама;

Садақ тарту – 1 жолдама;

Нысана көздеу – 1 жолдама;


Астана қаласындағы Олимпиадалық даярлау орталығы – 6 жолдама (байдарка мен каноэде ескек есу, көркем гимнастика, таэквондо, жағажай волейболы);

Алматы қаласындағы Олимпиадалық даярлау орталығы – 13 жолдама (дзюдо, жеңіл атлетика, батутте секіру, жағажай волейболы, спорттық гимнастика, триатлон, семсерлесу).

Бүгін баспасөз мәслихатында айтылғандай, спортшылардың арлы-бері жолдарын, жатын орындары мен тамақтарына қаржыны Халықаралық Олимпиада Комитеті (ХОК) бөледі. Ал кішігірім шығындарға (спортық киім-кешектер, мемлекеттік рәміздер және т.б.) мемлекет қаржысы жұмсалады.

Сонымен, жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің атынан сынға түсетін спортшылар тізімі төмендегідей:

Естеріңізге сала кетсек, төрт күннен кейін басталатын Нанкиндегі ІІ жазғы Олимпиада ойындарында жас спортшылар 26 спорт түрінен 184 медальдар жиынтығын сарапқа салатын болады.

 Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: nanjing2014.org

Ө. Сансызбай