Портал неліктен «Массагет» деп аталды?

Портал неліктен «Массагет» деп аталды?

Осыдан 5 жыл бұрын 2011 жылы 16 желтоқсан күні қазақ электронды басылымы әлемінде айтулы жаңалық орнап, Массагет сайты өмірге келді. Қазақ жастарының энциклопедиялық білімін арттырып, таным арнасын тасытып, қазақ тілін дамыту мақсатын ту етіп ұстаған портал сол күннен бері тоқтаусыз, толассыз қызмет етіп келеді.

Естіген елді елең еткізетін, ең бірінші, сайттың атауы. Бұл атау белгіленбей тұрып, бірнеше нұсқа ұсынылды. Бірақ осы атау ол кезде сирек кездесетін ерекшелігімен көзге түсіп әрі кириллица, латын әріптерімен де жазылуы, айтылуы бірдей болғандықтан, көп ұсыныс ішінен таңдап алынды.

«Массагет» деген сөзді естігенде әлі де «Бұл сөзді бір жерден естіген сияқтымын», «Сонда бұл қандай мағына білдіреді?», «Неліктен бұлай атадыңдар?» деп сұрайтындар бар. Кейбіреулер сәл кідіріп барып, алтыншы сыныпта тарих пәнінен өткен атауын еске түсіреді. Сонымен...

Массагет – ежелгі грек тарихшысы Геродот деректеріне сүйенсек, Каспий мен Арал теңізі аралығында көшіп-қонып мекен еткен бір емес, бірнеше тайпа тобының ортақ атауы. Ал кей деректерде «Массагет» атауы «ұлы сақ ордасы» деген мағына білдіретіні жазылған.

Осы көшпелі тайпаның ізін жалғаған сақ ұрпақтары ретінде сайтқа дәл осы атау таңдалды.

Массагет, Массагет,
Батыр ғұн, қас сақ ек.
Қазақтың рухы үшін,
Түбір бір түркі үшін,
Гүлдей бер,
бүрлей бер,
Массагет!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Үкімет шектеу шараларын 2 тамызға дейін ұзартты
Шілде айындағы 42 500 теңге қалай беріледі?
Шілде айындағы 42 500 теңге қалай беріледі?
Дятлов асуының құпиясы 60 жылдан кейін ашылды
Дятлов асуының құпиясы 60 жылдан кейін ашылды
Карантин екі аптаға ұзартылып, 42 500 теңгеден беріледі
Карантин екі аптаға ұзартылып, 42 500 теңгеден беріледі
"Манчестер Ситиге" Чемпиондар лигасына қатысуға рұқсат етілді
"Манчестер Ситиге" Чемпиондар лигасына қатысуға рұқсат етілді
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне қанша сыйақы алды?
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегіне қанша сыйақы алды?