Винокуров «Астананың» бас менеджері болмақ

Винокуров «Астананың» бас менеджері болмақ

Кеше ғана өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, қазақстандық велошабандоз Александр Винокуров «Астана» велокомандасының бас менеджерінің орнына отыруды жоспарлап жүр, деп хабарлайды newskaz.ru

«Алдыңғы уақытқа жоспар жоқ емес. Қазір Қазақстанның велоспорт федерациясымен келіссөздер жүріп жатыр. Жақында «Астана» командасында іс жүргізу тізгіні қолыма тиіп қалар. Болашақ жеңімпаздарды өсірмекпіз. Қыркүйек айының басында Қазақстанға барғанымда мені сол орынға тағайындап, ресми түрде хабарлауы керек. Мұны президенттің өзі де қолдап отыр», - деп Винокуров пресс-конференцияда ағынан жарылған.

«Біз «Астана» велокомандасына биік жоспарлар құрып қойдық», - деп айтып өтті спортшы.

Ал дәл қазіргі уақытта «Астана» велокомандасының бас менеджері итальяндық Джузеппе Мартинелли.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: yvision.kz

А. Әбілхан