Винокуров еліміздің 3 қаласында веломарш өткізбек

Винокуров еліміздің 3 қаласында веломарш өткізбек

Қазақстандық велосипедші, Олимпиада чемпионы Алексанр Винокуров еліміздің 3 қаласында веломарш өткізеді.

"Туған күнімнің қарсаңында (16 қыркүйек - ред.) Қазақстанның 3 қаласында веломарш өткізу ойымда бар. Атап айтсам, Алматы, Астана, Петропавл қалаларында. Сонымен қатар, жас велосипедшілер үшін мастер класс өткізгім келеді", - деді спортшы Алматыда өткен баспасөз мәслихаты кезінде. 

Винокуров өзінің спорттан кететіндгі туралы ақпаратты да растады. "Дәл осындай жеңістен кейін бұл қадамымды дұрыс іс деп ойлаймын. Олимпиададағы жеңісім спорттағы өмірімнің соңындағы леп белгісі іспеттес. Менің ойымша, осы уақытқа дейін велоспортқа жеткілікті үлес қостым", - деді 38 жастағы спортшы. Винокуров аздаған үзілістен соң ел премьер министрімен, сонымен қатар, велоспорт федерациясы президентімен кездесіп, команданың жоспарларымен бөлісетіндігін де айтты. 

Спортшы сөз соңында жанкүйерлеріне алғыс айтып, ықыласын білдірді: "Қазақстандықтардың жанашырлығы үшін үлкен рахмет. Біз олардың тіреуін, қошеметін Олимпиада ойындарының өне бойында сезіп, күш алып жүрдік. Осының арқасында Қазақстан жақсы көрсеткіштер көрсетті. Ел тарихында бұндай оқиға әлі болып көрмеген еді. Қоржынға алғашқы медальді салып, жақсылықтың бетін ашқаным үшін өзімді бақытты сезіндім. Отандастарымыз да бұл тізбекті іліп әкетіп, бүкіл елді қуанышқа бөлей білді. Президентпен кездесу де жақсы өтті. Бізді батырлар секілді қарсы алды. Қуаныштымын. Келесі ойындарда осы деңгейде ұстап тұруымыз керек. Жігіттер мен қыздар бар күшін салады деп ойлаймын. 4 жылдың ішінде жаңа чемпиондар да тәрбиеленіп шығуы мүмкін. Сонымен қатар, велоспортта да жаңа дарындар пайда болады деп ойлаймын", - деп ағынан жарылды Винокуров.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: sksportkz.yvision.kz