Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Лондон-2012 / Естен кетпес Олимпиада

Естен кетпес Олимпиада

Естен кетпес Олимпиада

Лондон олимпиадасы да тарих қойнауына кетті. Енді тағатсыздана Бразилияда өтетін келесі Олимп ойындарын күтетін боламыз. Жалпы, «Тұманды альбионда» біздің жадымызда мәңгі сақталатын қуаныштар мен өзегімізді өртеген өкініштер де болды. 

Лондон Олимпиадасына жалпы есебі 204 мемлекет қатысты. Соның ішінде 79 мемлекет жүлдеге ілікті. Жеті мемлекет, атап айтар болсақ, Кувейт, Тәжікстан, Морокко, Гонконг, Ауғанстан, Бахрейн және Сауд Арабиясы Лондон Олим­пиа­дасынан тек қана бір қола медаль енші­леген. Ал көршіміз Қырғызстан Олимпиада ойын­дарынан құр алақан қайтып, жалқы қола жүлдеге де қол жеткізе алмады.

54 мемлекетке Лондон Олим­пиа­дасының алтын жүлдесі бұйырған. Оның ішінде  19 ел Тұманды Альбионнан бір-бір алтыннан жеңіп алыпты. Ал найза лақты­ру­дан чемпион атанған Кешорн Уолкотт Тринидад мен Тобаго елінің тарихында тұңғыш рет Олимпиада алтынын сыйлады.

Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 12-орынға табан тіреді. Бұл – егемен­дік алғалы бері қатысқан төрт Олимпиада ойын­дарын тәуір көрсеткіш. Естеріңізге сала кетсек, Атланта Олимпиадасында Қазақстан 24-інші, Сидней Олимпиадасында 22-інші, Афи­на Олимпиадасында 40-ыншы, Бей­жің Олимпиадасында 29-ыншы орында жайғасқан болатынбыз. Бұл – алтын саны бойынша көрсеткіш. Ал жалпы есепте 13 жүлде жинаған Қазақстан Жаңа Зеландия және Белоруссия спортшыларымен бірге жалпы медальдар көрсеткіші бойынша 15-орында тұр.

Қазақстан құрамасы Лондон Олимпиадасында Гол­лан­дия, Украина, Куба, Чехия, Бразилия, Ямайка сынды спортта алар сыбағасы мол мемлекеттерді артқа тастады. Ал Илья Ильин мен Ольга Рыпакова алтын медаль алған соң азулы Ресей құрамасы да Қазақстаннан бір саты төмен болатын. 
Қазақстан Лондон Олимпиадасына спорттың 25 түрінен 116 спортшысын қатыс­тырды. Сол 25 спорт түрінің бесеуінен ғана біз жүлде жалына жармаса алдық.

Тұманды Альбион төрінде жаңартқан рекордтарымызды санайтын болсақ, көш басында тұрған Қазақстанның спортшысы – Илья Ильин. Бір өзі бес рет рекорд жаңартты. Оның екеуі Олим­пиада, үшеуі әлем рекордтары. Одан кейінгі орынға орналасқан Ресей ауыр атлеті Наталья Заболотнаяның еншісінде Олим­пиаданың төрт рекорды бар. Светлана По­до­бедова - Лондон төрінде үш мәрте Олимпиада рекордына түзету енгізген аруымыз Қытай, Италия және Голландия спортшыларымен бірге үздік үштікті бөлісіп тұр. Сондай-ақ, әлемдік және олимпиадалық рекордқа түзету енгізген тағы екі саңлағымыз бар. Олар – Зүлфия Чиншанло мен Майя Мане­за.  

Осы толағайларымыздың арқасында рек­ордтар саны бойынша жалпы­коман­далық есепте төрттіктің қатарынан орын алдық. Алдымызда АҚШ, Қытай және Ресей сынды әлемнің алпауыт елдері ғана. Артымызда Ұлыбритания, Авс­тралия, Италия, Оңтүстік Корея елдері тұр. Ал, жалпы, Лондон Олим­пиадасында 39 әлемдік, 56 олимпиадалық рекор­дтарға түзету енгенін ескерсек, соның 11-ін Қазақстан спортшылары жаңарт­қан екен.

 Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: tengrinews.kz

409 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 20 тамыз 2012, 08:41
Пікірлер
+0
20 тамыз 2012, 11:59

Жақсы шолу.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...