Ел президенті Олимпиада медалистерін мемлекеттік сыйлықпен марапаттады

Ел президенті Олимпиада медалистерін мемлекеттік сыйлықпен марапаттады

Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев Лондондағы Олимпиада медалистерін мемлекеттік сыйлықпен марапаттады.

Ауыр алтет Илья Ильин, боксшы Серік Сәпиев, велошабандоз Александр Винокуровқа "Отан" ордені берілді. Ауыр атлет қыздар Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және жеңіл атлет Ольга Рыпакова "Барыс" орденіне ие болды.

Сонымен қатар, спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев "Парасат" орденімен марапатталды. Олимпиадада қола медальға ие болған палуан Даниял Гаджиев пен күміс медальді қанжығасына байлаған боксшы Әділбек Ниязымбетов "Құрмет" орденімен марапатталды. Иван Дычко, Гюзель Манюрова, Ақжүрек Таңатаров та аталған марапатқа ие болды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©Даниал Окасов