Дәулет Ниязбековтің қарсыласы денесін майлап шығыпты

Дәулет Ниязбековтің қарсыласы денесін майлап шығыпты

55 келі салмақта өнер көрсететін Дәулет Ниязбеков қола медаль үшін болған таласта кәріс жігітінен жеңіліп қалған болатын. Белдесу соңында тарқасып бара жатып қазақ жігітінің қолмен ишара көрсетіп кеткенін бәріміз де білеміз...

Дәулет Ниязбеков бұл кездесуге көңілі толмай, біраз уақытқа дейін бетін ұстап тұрып алды. Сосын барып кәріс жігітіне әлгі ишаратты көрсетіп кете барғаны. Қазақылыққа жат қылықты әркім әртүрлі қабылдады. Біреу төбелестен соң жұдырық жұмсамайды емес пе десе, енді біреу дұрыс болған екен деп шапаттап қалды. Алайда, бәрі біз ойлағаннан да күрделі болып шықты. Бұл турасында Дәулеттің жеке бапкері Аман Әбутәліпов айтып берді:

"Дәулеттің белдесу аяқталған соң көрсеткен ишарасына ашуым келді. Бұрын-соңды оның мұндай қылығы жоқ еді. Сөйтсем, Лондоннан жігіттер хабарласып жатыр. Кәріс балуаны денесін майлап шығыпты. Боз кілемге май термен шығып жатса, қарсыласына ұстатпай қояды емес пе?! Төрешілер мұны байқамай қалған. Әйтпесе, Дәулетім әдепті жігіт еді, жеңілсе, жігіттерше мойындайтын еді".

Айта кететін болсақ, 2010 жылы Дәулет тұңғыш рет күрестен ересектер арасына өтіп, Азия чемпионатында осы кәріс балуанымен белдесіпті. Сол жолы да жеңіліп қалғанына қарамастан, кәріс балуаның әбден діңкелетіп тастаған. Содан не керек, арып-ашып жүріп финалға шыққан солтүстік  кореялық жігіт жапон жігітіне түк қауқар көрсете алмапты. Ел аяғында кәріс жігіттің бапкері келіп Аман Әбутәліповке «Біздің жігітті Дәулет шаршатты, сол үшін жапоннан ұтылып қалды» деп назын айтып кеткен... Одан бері 2 жыл өтіпті.

Сурет:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига