Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Лондон-2012 / Сәпиевке Toyota Land Cruiser сыйлады

Сәпиевке Toyota Land Cruiser сыйлады

Сәпиевке Toyota Land Cruiser сыйлады

Лондон Олимпиадасында жетінші алтынға қол жеткізген қазақ боксшысы Серік Сәпиевке  Қарағанды облысы атынан  Toyota Land Cruiser 200 автокөлігі сыйға тартылды, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".

"Бұл қарағандылық боксшымыздың жарқын жеңісі. Біздің бүгінгі жетістіктеріміз, елімізде спортқа деген аса жоғары көңіл бөлінетіндігін дәлелдеді. Көптеген спорт кешендері соғылды. Бүгін, біз, Олимпиада ойындарында иеленген алтын жүлделермен барша әлемді таң қалдырдық. Және біздің Серік қазақстандық спортшылардың биік шыңдардан көріне білетіндіктерін дәлелдеді", - деді Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов журналистерге берген сұхбатында. 

Айта кетсек, Лондон ойындарының соңғы күні 69 келі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық былғары қолғап шебері Серік Сәпиев алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар, Серік ХХХ Олимпиада ойындарының ең үздік боксшысы танылып, Баркер кубогын иеленді.

Сәпиев Қазақстанның бокс тарихында Баркер кубогын иеленген осымен үшінші боксшы болып отыр. Бұдан бұрын осы мәртебеге Василий Жиров (1996) пен Бақтияр Артаев (2004) лайық танылған еді.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: rus.azattyq.org

1473 7
Рейтинг: +1

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 13 тамыз 2012, 14:14
Пікірлер
+0
13 тамыз 2012, 12:53

алтын ұл құтты болсын тойотаң да, бәрі де :D

+0
13 тамыз 2012, 12:56

бәрекелді! қазақ спортшыларын осылай қолдау керек дер едім

+0
13 тамыз 2012, 14:00

Тойота автокөлігі?! Керемет! Құтты болсын. Бірақ бұл сыйлық Серік үшін аз... Серік сыйлықтың сыйлығына лайық азамат.

+0
13 тамыз 2012, 14:07

ооо, күшті ғой тіпті

+0
13 тамыз 2012, 14:10

Ер екен

+0
13 тамыз 2012, 14:29

Ланкрузер сыйлағандары ұят болған екен... Басқа жөні түзу көлік табылмағандай :x

+0
14 тамыз 2012, 09:55

Басқа қатысқан боксшыларды да ұмытпаса екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...