Таймураз алғашқы белдесуінде-ақ жеңіліп қалды

Таймураз алғашқы белдесуінде-ақ жеңіліп қалды

Еркін күрестен Олимпиада ойындарында 96 келі салмақта еліміздің намысын қорғаған Таймураз Тигиев алғашқы белдесуінде-ақ жеңіліп қалды.

Таймураз жарыстың алғашқы айналымында Абдусалам Гадисовпен кездесіп, 0:2 есебімен есе жіберді. Белдесудің алғашқы кезеңі 1:1 есебімен тең аяқталды. Бірак дәл осы кезеңде соңғы ұпайға ресейлік 23-жасар балуан қол жеткізгендіктен төрешілер Абдусаламды жеңімпаз деп таныды. Екінші кезеңде ширақ қимылдаған Гадисов Таймуразды боз кілемнен бір рет шығарып, жалғыз ғана ұпаймен кезеңді және жалпы белдесуді өз пайдасына шешіп кетті. 

Сонымен қатар Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Тигиев жұбату белдесуіне де жолдама ала алмады. Себебі, отандасымызды жеңген Абдусалам Гадисов 1/8 кезеңде финалда-ақ ирандық палуан Рез Мохаммад Али Язданиға 1:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига