Мексика құрамасы - Лондон Олимпиадасының чемпионы!

Мексика құрамасы - Лондон Олимпиадасының чемпионы!

Ерлер арасында өткен футболда Мексика құрамасы Олимпиада ойындарының чемпионы атанып отыр. 

Бас төрешінің ысқырығы естілуі мұң екен, екі команда да  қарап қалмады. Доп десе ішкен асы жерге қоятын бразилиялықтардан гөрі гитарамен көңілденіп ән салғанды қалайтын, болмыс-бітімдері ерек болып жаратылған мексикалықтар ең біріші болып есепті ашты. Допты бергеннен гөрі көбірек ұстағанды жақсы көретін бразилиялық қорғаушылардың бірі жаза басып, нәтижесінде Хавьера Акино командаласына пас тастады. Орибе Перальта аяқ астына келген допты ұзақ ұстамай, қақпа торына тоғыта салды. Есеп:1 :0!

Одан кейін не болды дейсіз ғой, шабуылға күш-қуат жетпегендіктен, Алекстің орнына Халк шықты. Қанша шабуыл ұйымдастырып баққанмен бұл ойыншының бастапқы минуттарда ойыны жүрмей қойды. Есесіне Орибе Перальта командасын жеңіске бір табан жақындата түсті. Әуелеп келген допты әдемілеп қана бағыттай салған ойыншы екі голдың авторы атанды. Есеп:2:0.

Бір айта кетерлігі, Халктың тепкен добтарының бірі қалт кетпейтінін ескерсек, бір голды осы ойыншының еншісіне жаза берсеңіз болады. Қосымша минутта қақпашымен бетпе-бет шыққан шабуылшы мүлт кетпеді. Есеп қысқарды: 2:1.

Соңғы минуттарда тәтті үмітке сенім артқан "оңтүстік америкалықтар" тайлы-тұяғымен қалмай екінші голды соғуға тырысты. Алайда, еңбектері еш кетті. ...Бірақ, Халктың бір берген пасы Оскардың басын дәл тапқанмен, жас ойыншы жақсылыққа пайдалана алмады. Әйтпесе, жақын бұрышқа бағыттай салатын-ақ доп еді.


Сонымен Мексика құрамасы әділетті түрде Олимпиада чемпионы атанды. Ал бразилиялықтар тағы да күміс жүлдеге қанағат етіп, елдеріне қайтты.

Жазғы олимпиада ойындары

Футбол. Ерлер. Бірінші орынға талас.

Бразилия - Мексика - 1:2 (0:1)

Голдар: Перальта, 1 (0:1); Перальта, 75 (0:2); Халк, 90 (1:2).

Ескертулер: Марсело 42, Рейес 46, Хименес 58, Видрио 89, Дамиан 90

Бразилия: Габриэл, Раффаэл (Моура 85), Тьяго Сильва, Жуан Жезус, Марсело, Алекс Сандро (Халк 32), Ромуло, Сандро (Пато 71), Оскар, Неймар, Леандро Дамиан

Мексика: Корона, Хименес (Видрио 81), Сальсидо, Миер, Чавес, Эррера, Фабиан, Перальта (Хименес 86), Акино (Понсе 57), Рейес, Энрикес

Төреші: Марк Клаттенбург (Англия)

11 тамыз. Лондон. "Уэмбли".

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Ж. FM