Дәулет Шабанбай жеңілді

Дәулет Шабанбай жеңілді

Дәулет Шабанбай еркін күрестен жартылай финалға шыға алмады.

120 келі салмақта өнер көрсететін павлодарлық Дәулет 1/4 финалда Грузия елінің өкілі Давид Модзманашвилимен күресті. Отандасымыздың қарсыласы кездесудің екі кезеңінде де басымдық танытып, таза жеңіске жетті. Бірінші кезеңде 19 жастағы қазақ күресшісі 4:0 есебімен жеңілсе, жекпе-жектің екінші бөлігінде есеп айырмасын қысқартуға тырысқан Дәулет соңғы секундта есе жіберді.

Енді грузиндік балуан жартылай финалда ресейлік Билял Маховпен күш сынасады.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: thenews.kz

Л. Лига