Дәурен Жұмағазиев ширек финалға өте алмады

Дәурен Жұмағазиев ширек финалға өте алмады

Еркін күрестен 60 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Дәурен Жұмағазиев 1/4 финалға өте алмады.

Жерлесіміз 1/8 финалда Иран балуаны Масуд Исмаил Пурмен белдесті. Алматылық Дәурен жекпе-жектің бірінші бөлігінде 24 жастағы ирандықты 4:1 есебімен жеңген еді. Алайда екінші бөлікте барын салған қарсылас намысқа тырысып 4:1 есебімен есе қайтарып кездесу тағдырын үшінші кезеңге ауыстырды. Қосымша бөлікте тек 1 ұпайға қол жеткізген қазақстандық қарсыластан айласын асыра алмай 3:1 есебімен жеңілді.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: alasharena.kz

Ж. FM