Ермек Байдуашев ирандықтан жеңіліп қалды

Ермек Байдуашев ирандықтан жеңіліп қалды

Қазақстандық балуан жігітіміз Ермек Байдуашев еркін күрестен 1/8 финалға өте алмады.

84 келі салмақта өнер көрсететін шымкенттік 30 жастағы спортшы Ираннан келген Насер Ехсан Лашгариге 0:5 есебімен есе жіберіп қойды. Айта кететін болсақ, 26 жастағы ирандық спортшы белдесудің бірінші бөлігін 1:0 есебімен өз пайдасына шешсе, екінші бөлікте 4:0 есебімен басым түсті. 

Қоса кетер бір ауыз сөз, 60 келі салмақта өнер көрсететін тағы да бір балуанымыз Дәурен Жұмағазиев ирандық Масуд Исмаил Пурмен белдесетін болды. Аталған кездесу Астана уақытымен 19:20-да басталады.

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига