Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Лондон-2012 / Оңтүстік Корея құрамасы - Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері

Оңтүстік Корея құрамасы - Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері

Оңтүстік Корея құрамасы - Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері

Футболдан ерлер арасында өткен ойында Оңтүстік Корея құрамасы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Олимпиада ойындарының тарихында бірінші рет Азияның қос мықтысы кездесті. Осының өзі-ақ ойынның тартысты боларын күні бұрын хабарлап тұрғандай еді. "Миллениум" атты тамаша стадионда өткен ойын миллиондаған көрермендердің көңілінен шықты десек артық айтқандық емес. Дәл мұндай керемет сезімді Еуропа чемпионатының финалынан да сезіне алмаған жанкүйерлер ойын біткенше тамаша тартыстың куәсі болды. Сәт сайын алма-кезек ұйымдастырылған өткір шабуылдар мен футболшылардың гол соғуға деген құштарлығы өз кезегінде ойын көркін арттыра түсті. Бәрін айт та бірін айт, бас жару мен көз шыққан ойында ең алғаш болып есепті  Пак Чу Ен ашты. Ойын ортасында басы жарылып, жейдесі қызыл қаннан көрінбей қалған "Арсеналдың" ойыншысы үш бірдей ойыншыны алдап барып, он бес метр жерден қақпа торына допты дәл бағыттай салды.

Екінші ойын бөлігінде Ку Джа Чхоль соққан гол жапондықтардың еңсесін түпкілікті түсіріп тастады. Алайда, "Күншығыс елінің" өкілдері қарап қалмады: тәртіп те бұзды, төрешімен ерегісті, қарсы қақпаны торуылдады...

Сонымен не керек, шын мықты жеңіске жетеді дегендей, Оңтүстік Корея құрамасы Жапонияны тізе бүктіріп, елдеріне қола жүлдемен қайтатын болды. Ал жапондықтар көршіге бұйырған бақты талайға дейін айтып жүрсе керек...

Жазғы Олимпиада ойындары - 2012.

Футбол. Ерлер. Үшінші орынға талас.

Оңтүстік Корея - Жапония - 2:0 (1:0)

Голдар: Пак Чу Ен 38, (1:0); Ку Джа Чхоль, 57 (2:0).

Ескертулер: Ки Со Ен 23, Ох Дже Сук 26, Ку Джа Чхоль 35, Такахиро Огихара 43, Юцу Оки 70,  Кенью Сугимото 88, Ким Бок Джон 90

Төреші: Равшан Ирматов (Өзбекстан).

10 тамыз. Кардифф. "Милленниум"стадионы.

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

789 1
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 11 тамыз 2012, 16:46
Пікірлер
+0
11 тамыз 2012, 19:09

кореялықтар жаман емес, 15-20 жылда Испаниямен тең ойнайтын болар

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...