Сәпиев финалда!

Сәпиев финалда!

Тұманды Альбионда өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында, бүгін, 69 келі салмақта өнер көрсететін қазақ боксшысы Серік Сәпиев  шаршы алаңда ресейлік Андрей Замковоймен қолғап түйістірді. 

Бүкіл қазақ жанкүйері  асыға күткен кездесудің бірінші раундынан-ақ Сәпиев басымдық танытты. Отандасымыз бірнеше рет нәтижелі шабуыл жасап, қарсыласқа дөп тиді. Нәтижесінде Сәпиев 6:2 есебімен алғашқы раундты өз пайдасына шешті.

Екінші раундта Алексей Замковой ойынды өз қолына алып, біздің батырды 6:4 есебімен жеңіп кетті.

Жекпе-жектің шешуші кезеңінде Сәпиев ойын тізгінін өз қолына алып, өзінің мықтылығын дәлелдеді. Жерлесіміздің шабуылына қауқар көрсете алмаған ресейлік боксшының Сәпиевтің мықтылығын мойындаудан басқа амалы қалған жоқ. Соңғы раундта 8:4 есебімен қарсыласын тізе бүктірген саңлағымыз осы кездесуде таза жеңіске жетті. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: vesti.kz

Ж. FM