Олимп ойындарының жабылу салтанатында Spice Girls және Muse өнер көрсетеді

Олимп ойындарының жабылу салтанатында Spice Girls және Muse өнер көрсетеді

Олимпиада ойындарының ресми жабылу салтанатында британдық поп және рок әншілер өнер көрсетеді деп күтілуде. 

Салтанатты шара басталар алдында, үш сағат бойы көрермендердің көңілін Джордж Майкл, Брайан Мэй, Pet Shop Boys, Джейсси Джей, Энни Леннокс, Эд Шереэн, сонымен қатар The Who, Muse және Spice Girls  секілді жекелеген топтар көтеретін болады.

Дәл осы әншілер өнер көрсету үшін стадионның бір бөлігіне арнай орын да дайындап жатыр екен. Кейбір деректерге сүйенсек, сахнаға 1970-жылдардың поп-әншісі Кейт Буш (Kate Bush) шығады-мыс. Сонымен қатар 1980-жылдардың орк-әншісі Madness-тің қатысатыны белгілі болып отыр. 

Британ басылымдарының айтуынша, Олимпиаданың ресми жабылу салтанатына төрт мың бір жүз адам қатысады.

«Жабылу салтанатына жатпай-тұрмай дайындық жүргізіп жатырмыз. Шара сәтті әрі керемет өтеді деген ойдамын», - деп өз әлеуметтік желісінде, режиссер Джордж Майкл жазған.  Жабылу салтанатында әншілер мен өнер жұлдыздарынан бөлек, сән әлемінің арулары да қатысады. Осы уақытта ол сұлулардың да есімі белгілі. Ұлыбританиядан Олимпиада ойындарын шығарып салу үшін, Кейт Мосс, Наоми Кэмпбелл, Лили Коул және Стелла Теннант секілді бойжеткен сәнқойлар қатысады.

Сурет:lugansk.comments.ua

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига