Елбасы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан үздік ондыққа кіреді деп үміттенеді

Елбасы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша Қазақстан үздік ондыққа кіреді деп үміттенеді

Нұрсұлтан Назарбаев халықпен кездесу барысында Олимпиада ойындарының еліміздің абыройына қалай ықпал ететіндігі жөнінде мәлімдеме жасады.

«Біздің спортшылар Олимпиада ойындары барсында бізді көкке бір шығарды. Менің жалғыз ғана қалауым бұл Қазақстанның әнұранын Лондон төрінде есту. Тәуелсіз Қазақстан тарихында біздің толағайлар 6 бірдей алтын жүлдеге қол жеткізе білді. Менің ойымша, біздің саңлақтар Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша, кестеде үздік он елдің қатарында болады. Спортқа көп көңіл бөлу керек. Себебі, халықаралық ареналарда спорт біздің абыройымызды асырып, мерейімізді өсіреді», - деді елбасы Ақмола қаласының тұрғындарымен өткен кездесуінде.

Сурет:95.169.190.48

Дайындаған:Ғани Тұрғынбеков

Л. Лига