Шапиев Олимпиада жүлдесінен үміт үзді

Шапиев Олимпиада жүлдесінен үміт үзді

Абдулхаким Шапиев 74 келі салмақта қол жүлде үшін таласу мүмкіндігіне ие болмады.

Шапиев жеңілген венгр жігіті Габор Хатош жартылай финалдық айналымда иран палуаны Садех Саид Гоударзиға 0:4 есебімен жеңіліп қалды. Сондықтан да біздің отандасымыз жұбату белдесуіне қатыса алмай, Олимпиада ойындарындағы өнер көрсетуін аяқтады. Ал Хатошты жеңген иран жігіті ақтық сында АҚШ елінің палуаны Эрнест Берроузомбен белдесетін болады.

Айта кетсек, ширек финалдық кезеңде Шапиев Габор Хатошқа 2:0 есебімен есе жіберген болатын. 

Сурет:prosportkz.kz

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Л. Лига