Юрий Кудинов ашық айдында суға жүзуде 22-ші болып келді

Юрий Кудинов ашық айдында суға жүзуде 22-ші болып келді

Қазақстандық спортшы Юрий Кудинов ашық айдында суға жүзуде 22-орынға қол жеткізді.

33 жастағы ел спортшысы  10 километр қашықтықты 1 сағат 52 минут 59 секундта кесіп өткен. Ал алтын медалді Тунис спортшысы Усама Мелоули иеленді (1 сағат 49 минут 55,1 секунд). Сондай-ақ күміс жүлде неміс өкілі Томас Лурзға бұйырса (1:49:58,5), қола жүлдені канадалық Ричард Вайнбергер алып кетті (1:50:00,3).

Сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Л. Лига