Қызылордалық балуан жартылай финалға шықты

Қызылордалық балуан жартылай финалға шықты

55 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы жігітіміз Дәулет Ниязбеков еркін күрестен жартылай финалға шықты.

Ширек финалда отандық спортшымыз Туркиядан келген Ахмет Пекерді 3:1 есебімен  жеңіп кетті.

Естеріңізге салсақ,1/8 финалда 23 жастағы қызылордалық балуан Америкадан келген Самуэл Хазевинкелмен белдесіп,  5:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Сол белдесудің үшінші кезеңінде тең түсті демесеңіз, қалған кезеңдердің барлығында Дәулеттің басымдылығы айқын танылып тұрған еді(3:1, 2:0).

Сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

 

Л. Лига