Америка футболшылары Олимпиада чемпионы атанды

Америка футболшылары Олимпиада чемпионы атанды

Әйелдер арасында өтіп жатқан футболдан Америка құрамасы Олимпиада чемпионы атанды.

Ойынның сегізінші минутында-ақ америкалық Карли Ллойд тура соққының арқасында есеп ашты. Одан кейін тартысты да тартымды өткен ойынның бірінші бөлігінде есеп ашылмады.

Екінші ойын бөлігінде америкалықтардың тарапынан Карли Ллойд тағы да көзге түсті. Есеп: 2:0. "Күншығыс елінің" өкілдері қанша жандарын салып, таразы басын теңестірге тырысса да, бір голдан артық соға алмады. Жапондықтардың тарапынан 63-минутта Юки Оджими көзге түсті.  

Айта кетсек, Америка құрамасы 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарында да чемпион атанған болатын. 

Жазғы олимпиада ойындары.

Футбол. Әйелдер. Финал.

АҚШ - Жапония - 2:1 (1:0)

Голдар: Ллойд 8 (1:0), 54 (2:0), Оджими 63 (2:1)

Дайындаған: Фараби Бақыт

Сурет: london2012.com

Л. Лига