Болттың бесінші алтыны

Болттың бесінші алтыны

Ямайкалық желаяқ Усейн Болт 200 метрге жүгіруде жеңіске жетіп, Олимпида ойындарындағы бесінші алтынына қол жеткізді.

Жалпы, осы қашықтыққа жүгіруде жеңіс тұғырына тек ямайкалық спринтерлер көтерілді.

Жүгірудің ақтық сынында Ямайкалық спринтер 19,32 көрсеткішімен мәре сызығын бірінші болып кесіп өтсе, күміс медаль Ямайка құрамасы сапында Болтпен бірге өнер көрсететін Йохан Блэйктің (19,44) қанжығасында кетті. Ал үздік үштікті тағы бір ямайкалық желаяқ Уоррен Уэйра (19,84) толықтырды.

Естеріңізге сала кетсек, бұдан төрт жыл бұрын Бейжің олимпиадасында Болт 100 м, 200 м және эстафетада топ жарған болатын.

Дайындаған: Фараби Бақыт

Сурет: london2012.com

 

Ж. FM