Мацко 800 метрге жүгіруде финалға өте алмады

Мацко 800 метрге жүгіруде финалға өте алмады

Қазақстандық жеңіл атлетші Маргарита Мацко 800 метрге жүгіруде Олимпиада ойындарының ақтық сынына өте алмады.

Керекулік Мацко 1 минут 59,20 секунд көрсеткішімен өз тобында мәреден үшінші болып келді. Алайда, бұл нәтиже 26 жастағы спортшымыздың финалға жолдама алуына жеткіліксіз болды.

Айта кетсек, екі жеңіл атлетші отандасымыздан төмен нәтиже көрсеткенімен, өз топтарында алғашқы орында келгендері үшін енді Олимпиада ойындарының жүлдесіне таласатын болады. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Ж. FM