Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / Лондон-2012 / Қайрат Тұрлыханов: "Рио-де-Жанейродағы олимпиадада бес алтын алуды жоспарлаудамыз"

Қайрат Тұрлыханов: "Рио-де-Жанейродағы олимпиадада бес алтын алуды жоспарлаудамыз"

Қайрат Тұрлыханов:

Қазақстан Рио-де-Жанейрода өтетін келесі Олимпиадада ауыр атлетикадан алтын санын бесеуге жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыханов  мәлімдеді.

«Лондон Олимпиадасы спорттың ауыр атлетика саласында үлкен серпіліс туғызды. Өтіп жатқан ойындар бізді одан сайын жігерлендіріп отыр. Лондонда бабымыз бен бағымыз қатар шауып, төрт алтын алдық.  Бұйыртса, енді Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадада алтын санын бесеуге жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Өйткені спортта алға мақсат қоймасаң, ешқашан жақсы нәтижеге қол жеткізе алмайсың. Сондықтан бізді алда талай жұмыстар күтіп тұр. Әлі Олимпиада аяқталған жоқ. Алайда біз жоспар құруды бастап жібердік», - деп атап өтті Қ. Тұрлыханов.

Оның айтуынша, алдағы уақытта Ауыр атлетика федерациясы еліміздің бұған дейінгі көрсеткіштерін салыстырып, сараптама жүргізуді қолға алмақ. Оған жоспар жасалыпты.

«Жеке мониторинг жүргізу бөлімі жұмыс істейді бізде. Грекияда, Қытайда және Лондонда қалай өнер көрсеткенімізді саралап, қорытындысын шығарамыз. Содан кейін дайындықты бастаймыз деп отырмыз. Спортшылар қазір демалысқа, үйлеріне кетті. Бір айдан кейін жаттығуға қайта кірісеміз. Сонымен қатар, спортшыларымыздың денсаулық жағдайына көбірек көңіл бөлмекшіміз. Қандай дәрумендер шықты, нені жеуге болады, нені жеуге болмайды деген сияқты мәселелер шешімін табады», - деп толықтырды Ауыр атлетика федерациясының президенті.

Cурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

661 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 09 тамыз 2012, 19:57
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев