Француз қызына Олимпиада мінберінен тұрмысқа шығуын өтінді

Француз қызына Олимпиада мінберінен тұрмысқа шығуын өтінді

Франция құрамасының баскетболшы қызы Изабель Якуб олимпиада мінберінен жүрек қалауы мен арман-тілекті (сөз салу) қабыл алды. Бұл туралы "Cпорт-Экспресс" хабарлап отыр.

Кеше ширек финалда Франция құрамасы мен Чехия құрамасы арасындағы ойын біткен соң, мінбер төрінде Изабель Якубтің сүйікті жігіті плакатка жазып келген жазбасын айдай әлемге жария қылды:"Изабель, сен маған тұрмысқа шығасың ба?".

Аталған ойында шешуші міндеттердің бірін атқарып, белсенді өнер көрсеткен баскетболшы қыз өз кезегінде "иә!"деп жауап қатқан.

Айта кетсек, француздықтар чехтармен болған ойында 71:68 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Франция құрамасы жартылай финалда 9 тамыз күні ресейлік қыздармен ойнайтын болады. 

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт


Ж. FM