Біржан білгенінен жаңылған жоқ, төрешілер есептен жаңылды

Біржан білгенінен жаңылған жоқ, төрешілер есептен жаңылды

Бүгін, Лондон төріндегі шаршы алаңда 48 келі салмақта өнер көрсететін Біржан Жақыпов қытай боксшысы Зоу Шимингпен жекпе-жек өткізді. 

Шаршы алаңға ширек финалдық кездесуін өткізуге шыққан отандасымыздың қарсыласы едәуір мықты екенін айта кеткен жөн. Бұдан бұрын бірнеше рет жекпе-жек өткізіп, соның бәрінде біздің Біржан қарсыластан айласын асыра алмаған еді. Нақтырақ айтсақ, 2007 жылы Чикагода өткен Әлем чемпионаты 30:13 есебімен қытай боксшысының пайдасына шешілсе, Бейжіңдегі кездесу 9:4 аяқталған еді. Ал 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының ақтық сынында да Зоу Шиминь Біржаннан тағы да басым түскен болатын. 

Десек те, Лондон төрінде біздің Біржан мақтауға тұрарлық кездесу өткізіп, қарсыласынан жоғары тұрғаны анық. Бірінші раундтың алғашқы сәттерінен бастап отандасымыз кездесуді жақсы қарқынмен бастаған еді. Біржанның бағыттаған бірнеше соққысы қарсыласқа дөп тиген болатын. Алайда, төрешілер шешімі бойынша боксшылар бірінші раундта тең тарасты. Есеп 3:3.

Тартысты кездесуде әдемі бокс көрсеткен Біржан қарсыластан басым түскен еді. Қарсыласы Зоу Шимингті рингтің төрт бұрышына қуып жүріп сабаған болатын бірақ бұл жолы да төрешілер бүйрегін қытайға бұрып, екінші раундтың қорытындысын 5:3 есебімен "аспан асты елінің" былғары қолғап шеберіне еншіледі.

Соңғы үш минуттықта барын салған Біржан бауырымыз қытайлықты бірнеше мәрте ауыр соққы астына алған еді. Дегенмен, бұл жолы да қапталда ұпай санап отырған CINAR Yasar (TUR), Judge 1FOTI Albino (ITA), Judge 2JUST Rene (SVK), Judge 3ZOUBID Hassan (MAR), Judge 4TADIC Martin (CRO), Judge 5BUTAR Dorian (SWE)дәл осы "сатылған" төрешілер жеңісті 5:4 есебімен қытай спортшысына ұстатты. Қорытынды есеп 13:10

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: tengrinews.kz

Ж. FM