Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Арнайы жобалар / Лондон-2012 / Сәпиев ширек финалдан сүрінбей өтті

Сәпиев ширек финалдан сүрінбей өтті

Сәпиев ширек финалдан сүрінбей өтті

Қазақстандық былғары қолғап шебері Серік Сәпиев қадамын нық басып, жартылай финалға өтті.

Лондон Олимпиадасында бокстан 69 келі салмақ дәрежесі бойынша ширек финалдық кездесуде қазақ боксшысы Серік Сәпиев венесуэлалық Габриэль Маэстре Перезбен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте Сәпиев толықтай басымдық танытып, 20:9 есебімен қарсыласын ойсырата жеңді.

Отандық боксшымыз кездесудің алғашқы минуттарынан ойын тізгінін өз қолына алып, бірінші раундта 25 жастағы венесуэлалық боксышыны 6:2 есебімен жеңді. 

Жекпе-жектің екінші раундында Габриель Перез ашық шабуылға шығып, ойын барысын өз пайдасына өзгертуге тырысқанымен 28 жастағы отандасымыз қарсыласқа дес бермеді. 5:5...

Соңғы үш минуттықта біздің боксшы өзінің мүмкіндіктерін мүлт жібермей, қарсыласын соққының астына қалдырды. Үшінші раунд 9:2. Нәтижесінде 25 венесуэлалық боксшы екі дүркін әлем чемпионы - Серік Сәпиевтен 20:9 есебімен оңбай жеңілді.  

Габриэль Маэстре Перез

Енді, жартылай финалдық кездесуде отандасымыз ресейлік Замковой Андреймен күш сынасатын болады. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: nurastana.kz

902 8
Рейтинг: +2

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 08 тамыз 2012, 10:35
Пікірлер
+0
08 тамыз 2012, 07:24

жаным ашып кетті венесуэлалыққа :cry: өзі қазаққа ұқсайды екен :) Ал Серік жарады!!!

+0
08 тамыз 2012, 09:13

әдемі бокс көрсетті Серік, құдай үшін, алтын алшы

+0
08 тамыз 2012, 10:27

Ол да соны бізден қатты тілеп жүрген шығар ;)

+0
08 тамыз 2012, 10:18

Замковой мықты боксшы, содан жеңіліп қалмау керек

+0
08 тамыз 2012, 12:01

соңғы рет екеуі кездескенде Серік жеңіліп еді, енді реванш күтеміз

+0
08 тамыз 2012, 10:36

Оңдырмапты расымен, Серіктің қарқыны қатты, тфә-тфә

+0
08 тамыз 2012, 10:56

Барлығымыз алтын алсын деймиз. Бирак ресейликтер де онай емес утылып калмаса болганы. утсын деймиз, алга тек.

+0
08 тамыз 2012, 11:45

Тіліміз тасқа, әдемі жеңіс болды, тоқтамау керек!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...