Илья білімін арттыруға бел буды

Илья білімін арттыруға бел буды

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин Спорт және туризм академиясының докторантурасына тапсырыпты.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен өткен білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы барысында мәлім болды. Білім беру гранттары қарастырылған комиссия отырысы барысында Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстанның қоржынына «алтын» салған, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильиннің де талапкер екендігі белгілі болды. «Бұл академияның докторанты Илья болмағанда кім болады?! Сондықтан, біз барлық жағынан екі дүркін Олимпиада жеңімпазын қолдаймыз! Спортшымыздың барлық жағдайын мұнда жасауға дайынбыз. Себебі, ол ұлтымыздың үлкен мақтанышы!», - деді министр Бақытжан Жұмағұлов жиын барысында.

Дайындаған: Фараби Бақыт

Сурет: facebook.com

Ж. FM