Дычко жартылай финалға қадам басты

Дычко жартылай финалға қадам басты

Бүгін, алты тамыз күні, +91 келі салмақта қазақстандық боксшы Иван Дычко жартылай финалға қадам басты, деп хабарлайды Massaget.kz

Өзінің екінші кездесуін өткізу үшін шаршы алаңға шыққан Иван Дычко канадалық былғары қолғап шебері Симон Кимен жекпе-жек өткізді.

Жекпе-жектің алғашқы сәттерінен бастап, ойын тізгінін өз қолына алған Иван Канада боксшысын соққы астына қалдырды. 

22 жастағы Иванның бағыттаған бірнеше соққысы қарсыласқа дөп тиіп, отандасымыз кездесудің алғашқы раундын толық басымдықпен жеңді. Есеп 8:5.

Екінші раундта да Иван Дычко ойынды дәл сондай қарқынмен жалғастырды. Алайда, канадалық боксшы жиі ойын тәртібін бұзғаны үшін, төрешінің үйеңкі жапырақ елінің өкіліне ескерту беруіне тура келді. Соған қарамастан Симон Кин кездесуде өжеттік танытып, есеп айырмасын қысқартуға тырысты, бірақ тәжірибе жағынан да бой жағынан да бір бас жоғары болған біздің Иванға қауқары жетпеді. 8:2...

Жекпе-жектің шешуші раундында, 23 жастағы Симон қарсыластан айласын асыра алмай, қазақстандық боксшының басымдығын мойындауға мәжбүр болды. Сонымен қатар, үшінші раундта төрешіден тағы бір ескерту алып үлгерді. Қорытынды есеп 20:6

Енді Дычко жартылай финалдық жарыс қожайыны Жошуа Энтонимен қолғап түістіретін болады. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: kursiv.kz

Ж. FM