Қола жүлде күрестен бұйырды. Құтты болсын!

 Қола жүлде күрестен бұйырды. Құтты болсын!

84 келіде өнер көрсететін отандық спортшымыз Даниял Гаджиев Олимпиада ойындарының қола жүлдегері!

Қола үшін болған таласта 26 жастағы ел спортшысы Грузиядан келген Владимир Гегешидзені жеңді. Белдесудің бірінші бөлігі 1:0 есебімен грузиялықтың пайдасына шешілсе, екінші бөлікте Гаджиев 1:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде қола жүлденің иесі қосымша екі минуттықта анықталды. Және 2:0 есебімен біздің спортшымыз жеңісті жұлып алып кетті.

Айта кетсек, Гаджиев алған жүлде Қазақстанның қоржынындағы ең бірінші қола. Бұған дейін Қазақстанның еншісінде алты алтын болып келген.

Сурет:london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Ж. FM