Алексей Ни қызметтен кететіндігін айтты

Алексей Ни қызметтен кететіндігін айтты

Қазақстанның ауыр атлетикадан бас жаттықтырушысы Алексей Ни қызметінен кететіндігін мәлімдеді. Бұл туралы "Қазақстан" телеарнасы хабарлады.

"4 алтынды әлем "кешірмейді". Қазақстанның Лондондағы жетістіктерін көрдіңіздер ғой. Қазір менің атымды көп күңгірт істермен байласынтырушылар да пайда болыпты. Қазір ойлап отырсам, осы уақытқа дейін 5 Олипиада мен 15 Әлем чемпионатына шәкірт дайындаппын. Енді орнымды жастарға ұсынамын. Кететін уақыт келді деп ойлаймын", - деді жаттықтырушы.

Ни сонымен қатар, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин туралы да айтып өтті. "Илья әлі жас. Келесі Олимпиада да чемпион атануға толық мүмкіндігі бар", - деді Алексей.

Айта кетелік, қазақстандық ауыр атлеттер елімізге 4 алтын медаль сыйлаған болатын. Қазақстанның абыройын асқақтатқан Алексей Нидің шәкірттері Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова және Илья Ильин екендігін де қоса кетелік.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: wfrk.kz