Әйгерім мен Анна жұбы синхронды жүзуде 15-ші орынға тұрақтады

Әйгерім мен Анна жұбы синхронды жүзуде 15-ші орынға тұрақтады

Қазақстандық синхроншылар Әйгерім Жексембинова мен Анна Кулькина Лондонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында техникалық бағдарлама бойынша өнер көрсетуден 15-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды Массагет.кз.

Олар жарыс барысында 84,600 ұпай жинады. Техникалық бағдарлама бойынша көш басында ресейлік Наталья Ищенко мен Светлана Ромашина келе жатыр (98,200 ұпай). Ал екінші орында Қытай қыздары О Ли мен Хучен Хуанг тұрса (96,100), үздік үштікті испандық Андреа Фуентес пен Она Баллестеро Карбонелл қорытындылап тұр (96,000).

Ертең Әйгерім Жексембинова мен Анна Кулькина жұбы Астана уақытымен 20:00-де еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетеді.

Сурет:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига