Данияр Елеусінов Иран боксшысын айқын басымдықпен жеңді

Данияр Елеусінов Иран боксшысын айқын басымдықпен жеңді

Қазақстан боксшысы Данияр Елеусінов 1/16 финалда ирандық Мехди Толоутибандпоны тізе бүктірді. Есеп 19:10

64 келіде шаршы алаңға шыққан отандасымыз бірінші раундта қарсыласын толық танып алғанша асығыстыққа жол бермеді. Десе де, өзіне деген сенімділігі кездесудің алғашқы сәтінен-ақ көріне бастады. Раунд 5:2 айырмашылығымен аяқталды.

27 жастағы қарсыласы Мехди Толоутибандпо Иран халқының сенімін ақтауға барын салған, алайда соққыны үсті-үстіне үдеткенімен Данияр өз кезегінде асқан жылдамдықпен жалтара түсіп, қайыра шабуылға жиі көңіл бөлді.

Қорытынды кезеңде Данияр кездесуді толықтай өз бақылауына алды.

Сонымен, ширек финалға жолдама алған Данияр Елеусінов Гьюла Кате (Венгрия) мен Винченцо Мангиакапре (Италия) жұбының жеңімпазымен жұдырық түйістіретін болады. Ал бұдан бұрын қазақ боксшыларының ішінде ширек финалға шыққан жерлесіміз – Біржан Жақыпов еді. Ол филиппиндік Марка Барригиді 17:16 есебімен жарыс жолынан шығарған болатын.

Бабы мен бағы тең шапқан жерлестеріміз үкілеген үмітімізді ақтай алып, мерейімізді асырды, көңілге қуаныш сыйлады. Бәрекелді!  

 Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: prosportkz.kz

Ж. FM