Астаналық жігітіміз ағылшыннан ұтылды

Астаналық жігітіміз ағылшыннан ұтылды

52 келі салмақта өнер көрсететін Ілияс Сүлейменов 1/16 айналымында жарыс қожайыны Эндрю Селбимен қолғап түйістірді.

Қазақстандық былғары қолғап шебері кездесудің алғашқы минутынан бастап ойынды өз қолына алуға тырысты, алайда британдық сәтті жасалған қарымта шабуылдарының арқасында 6:5 есебімен бірінші раундты өз қанжығасына байлады.

Тартысты жекпе-жектің екінші раундында астаналық Ілияс намысқа тырысып есеп айыруға тырысқанымен, британдық боксшы ширақ қимылдап бірнеше соққы жасауының арқасында екінші раундта да 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің соңғы үш минуттығында жерлесіміз барын салып, шабуыл жасағанымен қарсыластан айласын асыра алмай, жарыс жолын аяқтаға мәжбүр болды. Жалпы есеп 19:15.

Айта кетсек, бүгін Астана уақытымен сағат 3:15 Қазақстан бокс құрамасының капитаны Серік Сапиев жекпе-жек өткізеді.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: baq.kz

Ж. FM