Талдықорғандық желаяқ топтан шықпады

Талдықорғандық желаяқ топтан шықпады

Ерлер арасында 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіруде отандық желаяғымыз Артем Косинов өз тобында 10-орынға қол жеткізді, деп хабарлайды Массагет.кз.

Талдықорған өңірінің тумасы үш километр қашықтықты 8:42.27 секундта кесіп өткен. Жолдағы сан кедергілер болғанын ескерсек, онда бұл жаман көрсеткіш емес. Алайда, бұл көрсеткіш 26 жасар спортшымыздың үздіктердің қатарынан көрінуіне мүмкіндік бермейтін еді.

Сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига