Жамбылдың жалғыз үміті ширек финалда

Жамбылдың жалғыз үміті ширек финалда

60 келі салмақта өнер көрсететін Жамбыл өңірінің тумасы ширек финалға жолдама алды деп хабарлайды Массагет.кз

1/16 айналымында 27 жасар Жайлауов Индия елінен келген боксшы Джай Бхагванмен қолғап түйістірді. Қазақстандық былғары қолғап шебері алғашқы минуттардан шабуылға шығып, ойынды өз қолына алмақ болды, бірақ үндіс сауатты қорғанып, 1 раундты өз қанжығасына байлады.  Есеп 2:3.

Екінші раунд та тартысты өтті. Жайлауов қарсыласын 10:3 есебімен ойсырата жеңді. Ғани Жайлауовқа қарсы шыққан үндіс боксшысына жекпе-жектің соңғы раундында жеңілгенін мойындаудан басқа амалқалмады. 

Айта кетсек, отандық боксшы 6 тамыз күні 21 жасар кубалық Толедо Лорезбен кездесу өткізеді. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Л. Лига