Қазақ ватерполшылары тағы да жеңілді

Қазақ ватерполшылары тағы да жеңілді

Су добынан өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы үшінші рет жеңіліске ұшырады деп хабарлайды Массагет.кз

Үшінші турда Сергей Дроздов шәкірттері Грекия құрамасымен бақ сынасқан болатын. Кездесудің бірінші периодында грек спортшылары 2:0 есебімен алға шықты, бірақ жерлестеріміз қарымта шабуыл жасап есеп айыра білді.

Екінші периодта да грек ватерполшылары жылдамдықтарымен көзге түсті. Нәтижелі шабуылдарының арқасында олар Николай Максимовтың қақпасын 4 рет есеңгіретті. 

Соңғы 8 минуттықта, Грекия құрамасы өткір шабуылдар жасауының арқасында басымдылықтарын анық байқатты. Бірақ, Қазақстан құрамасы қарқынды шабуылдар ұйымдастырса да жеңіске жете алмады. Тек ойын соңында Рустам Укуманов грекия қақпасын нысанаға алып, есеп айырмасын қысқартты. Жалпы есеп 4:11. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы испандықтарға 6:14 есебімен, Австралия өкілдеріне 4:7 есебімен жеңілген болатын.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: prosportkz.kz

Ж. FM