Елизавета II-нің немересі Олимпиадада күміс медаль тақты

Елизавета II-нің немересі Олимпиадада күміс медаль тақты

Анна ханшайымның қызы мен Елизаветы II-нің немересі Зара Филипс ат спорты бойынша командалық жарыста күміс медаль иеленді деп хабарлайды Massaget.kz

Өз кезегінде, қола медаль Жаңа зеландия өкілдеріне бұйырса, алтын медаль Германия спортшыларының қанжығасында кетті.

Айта кетсек, бұл британдық корольдік отбасы мүшелерінің Олимпиада ойындарында жеңіп алған тұңғыш медаль. 1976 жылы Монреальде өткен Олимпиада ойындарында Анна ханшайым ат спортының жекелей біріншілігінде тек 24-орынға қол жеткізе алған еді.

31 жасар британдық корольдік отбасының мүшесі Еуропа елінің үш дүркін чемпионы, сонымен қатар Аахенде өткен әлем чемпионатының жекелей біріншілігінде алтын алса, қомандалық жарыста күміс медаль иеленген еді.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: london2012.com

Л. Лига