Қазақстан құрамасы екінші кездесуінде Австралиядан жеңілді

Қазақстан құрамасы екінші кездесуінде Австралиядан жеңілді
Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиада барысындағы екінші кездесуінде Австралия құрамасынан 4:7 есебімен жеңіліп қалды.
Жалпы дәл осы кездесуде біздің жігіттердің ойыны мүлде жүрмеді десек артықтық емес. Қорғаныста да шабуылда өте нашар өнер көрсетті. Енді біздің жігіттер келесі кездесуін келер айдың екінші жұлдызында Грекия құрамасымен өткізеді. Ол кездесу Астана уақытымен 16:20-да басталатын болады.
Сурет:london2012.com
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Ж. FM