Сүйінші! Қоржында үшінші алтын!

Сүйінші! Қоржында үшінші алтын!

Қазақстан қоржынына Лондон Олимпиадасының үшінші алтыны түсті! Дүниежүзінің кіл мықты зілтеміршілерімен 63 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Майя Манеза ХХХ Лондон Олимпиадасының чемпионы атанды.     

Жұлқа және серпе көтерудің қорытынды нәтижесі бойынша оның бағындырғаны - 245 келі болды. Бұл - Олимпиада рекорды.

Қазақстандық ауыр атлет Майя Манеза 63 келі салмақ дәрежесі бойынша әлемнің екі дүркін чемпионы (2009 және 2010 жж), 2011 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Сонымен, Лондон Олимпиадасынан Қазақстанның әзірше үш алтыны бар. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 28 шілдеде Қазақстан қоржынына ХХХ Олимпиаданың алғашқы алтын медалі түсті. Оны Қазақ еліне даңқты велошабандоз Александр Винокуров сыйлады! 

29 шілдеде 53 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан Зульфия Чиншанло Әлем рекордын жаңартып, Лондон Олимпиадасының чемпионы атанды.

Сурет: bnews.kz

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Ж. FM