Олимпиада барысында Лондон бизнесмендері шығынға ұшырауда

Олимпиада барысында Лондон бизнесмендері шығынға ұшырауда

Британ корольдігінің басшыларының мәлімдеуінше, Олимпиадалық ойындар барысында Лондон бизнесмендері біршама шығынға ұшыраған екен. Басшылардың айтуынша, бәсекені көруге келген шетел жанкүйерлері мен туристер Олимпиада қалашығынан басқа ешқайда шықпай жатқан көрінеді.

Жалпы Олимпиада ойындары барысында «Тұманды альбион» астанасына 100 мыңдаған жанкүйер келген. Бір жағынан бұл Лондон үшін тым көп қонақ болып саналады. Сонымен қатар Пекиндегі Олимпиада ойындарына қарағанда да біршама жоғарырақ. Екінші жағынан әдетте жыл сайын Лондонға дәл осы мезгілде 300 мыңнан астам саяхатшы келеді екен. Дегенмен олардың басым бөлігі театр, музейлерді тамашалауға барады.

Дәл осы жылы театр мен музей ең көп шығынға ұшырап отыр. Британ туристік компаниялардың хабарлауынша, биыл мәдени орталықтар шамамен 30-35% пайызға шығындалып отыр. Дейтұрғанмен мәдени қызметкерлер құр қол қарап отырмай, түрлі жарнамалар арқылы қонақтарды мәдени орталықтарға тартуда.

Лондон қонақ үйлерінің басшылары да айтарлықтай шығынға ұшыраған. Қонақ үйлердің басым көпшілігі казіргі таңда бағаларын түсіріп те үлгерген. Golden Tours туристік орталығының директоры Ник Паланның айтуынша, биылғы Олимпиадалық ойындар британдықтардың бизнестеріне едәуір шығынға әкеліп соғыпты. «Бұрындары біздің қонақ үйлердің бағасы әлемдегі ең қымбат қонақ үйлердікі секілді еді. Дегенмен Олимпиадалық ойындар басталысымен біздің бағамыз шамамен 40-45% пайызға дейін төмендеп кетті» - дейді Ник Палан.

Бірақ Олимп ойындары барысында біршама пайда тапқан қонақ үйлер де бар. Олардың басым көпшілгі Олимпиадалық саябақ қасында орналасқан қонақ үйлер.

Cурет: london2012.com

Дайындаған. Фараби Бақыт

Ж. FM