Ілияс келесі кезеңге іркілмей өтті

Ілияс келесі кезеңге іркілмей өтті

Жиырма бір жасында Олимпиада төріне ойқастап шыққан отандық боксшымыз Ілияс Сүлейменов 52 келі салмақта швед боксшысы Саломо Нтувемен шаршы алаңда жұдырық түйістіріп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Массагет.кз.

21 жастағы астаналық боксшы бірінші раундты өз пайдасына 4:3 есебімен аяқтады. Екінші раундта да отандық боксшымыз 4:2 есебімен басым түсті. Соңғы раунд та 23 жасар шведті тура соққылардың астына алған Ілиястың пайдасына 5:3 есебімен аяқталды. Жалпы есеп - 13:8. 

Айта кететін болсақ, 81 келі салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетовтің де қарсыласы анықталды. Бірден 1/16 айналымға жолдама алған маңғыстаулық былғары қолғап шебері эквадорлық Карлос Гонгороймен жұдырық түйістіретін болады. 

Сурет:baq.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига